- Кәсіпорынның Қызылорда облыстық филиалының директоры;
Үміткерлер хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
1) қоса берілген құжаттардың тізбесімен бірге сұхбаттасуға қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;
3) фотосымен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме (нақты тұратын мекенжайлары мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
Аталған құжаттардың біреуі болмай қалған жағдайда сұхбаттасуға қатысушының құжаттарын қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Үміткерлерге келесі біліктілік талаптары қойылады:
1) Мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім ветеринария (ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария);
2) Еңбек өтілі басқару лауазымында 5 жылдан кем емес;
3) Зертханалық менеджментті, ветеринариялық заңнамасын білуі;
4) Компьютерде және өзге де оргтехникалармен жұмыс істей білуі;
5) Мемлекеттік және орыс тілдерін білуі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8:30-дан бастап 12:30-ға дейін және 13:30-дан бастап 17:30-ға дейін, Астана қ-сы, Республика даңғылы, 50/1, 5- қабат, 509 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады, байланыс телефоны, факс 8(7172) 91-61-24, 91-61-14, 91-61-13, эл.пошта: odo-rvl.ast-2025@mail.ru.
«Астана су арнасы»
ҚР 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ «Табиғи монополиялар туралы» заңының 25-бабы, 10-тармағына сәйкес «Астана су арнасы» МКК тұрғындарды, кәсіпорындар мен ұйымдарды реттелетін қызметтерді тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға көрсету бойынша жыл сайынғы есеп беру өткізілетінін хабарлайды.
Субъектінің атауы: «Астана су арнасы» МКК.
Есептік кезең: 2026 жылдың I жартыжылдығы.
Жыл сайынғы есептің өткізілетін уақыты және орны: 2026 жылғы 29 шілдеде, сағат 1500-де, Астана қаласы, Абай даңғылы 103 (акт залы және онлайн-конференция тәртіптемесі).
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері: сумен жабдықтау және кәріздендіру.
