Нартай Сәрсенғалиевтің пікірінше, Конституциялық соттың бүгінгі түсіндірмесі қоғамда түрлі болжамдар мен алыпқашпа пікірлердің алдын алуға бағытталған.
Нартай Сәрсенғалиев: Конституциялық сот саяси мәселенің бәрін ашық түсіндірді
Фото: baq.kz
141
оқылды

Журналист Нартай Сәрсенғалиев Конституциялық соттың бүгінгі ресми түсіндірмесіне қатысты пікір білдіріп, бұл шешімнің құқықтық және саяси маңызына тоқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Қазақстанның жаңа Конституциясы – елдің дамуына жаңа серпін берген маңызды тарихи құжат. Ол халықтың еркін білдіретін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтетін, заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған негізгі құқықтық құжат. Бұл туралы бір емес, бірнеше ай айтылды, ағайын, баршаңыз білесіздер.

Жаңартылған Конституцияда азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері кеңейтіліп, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтуға және әділетті қоғам құруға басымдық берілген. Сонымен қатар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мүмкіндігі артты.

Бүгін Конституциялық сот алуан адам, сансыз сарапшы саяси сәуегейлік жасамау үшін мәселенің бәрін ашып, анық талдап көрсетті.

Бұл – саяси бірізділікті, құқықтық негіздемені айқындайтын бастама.

Конституция – әрбір азаматтың құқығы мен міндетін айқындайтын, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен болашағының кепілі.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» – деп жазды Нартай Сәрсенғалиев.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының Конституциялық соты 2026 жылғы Конституциядағы жоғары мемлекеттік лауазымдарға сайлану және тағайындалу тәртібіне қатысты ресми түсіндірме берді.