Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Синоптиктерден ескерту: 41 градусқа дейін аптап ыстық болады
232
оқылды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 7-9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болып, бірқатар өңірде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және аптап ыстық күтіледі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

7-9 шілде аралығында Қазақстанның батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

7-8 шілдеде жауын-шашын солтүстік пен орталық өңірлерде де күтіледі. 7 шілдеде орталық және шығыс аймақтарда нөсер жаңбыр жауады. 8 шілдеде батыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында, ал 9 шілдеде еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде екпінді жел соғып, бұршақ түсуі мүмкін.

Сондай-ақ батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде желдің күшеюі болжанып отыр.

Алдағы күндері ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Солтүстік-батыс және орталық өңірлерде күндізгі ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріліп, жекелеген аудандарда 41 градусқа дейін жетеді. Солтүстік өңірлерде де аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс болмайды.