Қазір іздестіру-құтқару жұмысына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 13 қызметкері, 3 техника және 3 жүзу құралы жұмылдырылды.
Атырауда Жайыққа батып кеткен жасөспірімнің денесі 3 күннен бері әлі табылмады
фото: www.istockphoto.com
253
оқылды

Атырау облысының Индер ауданында суға батып кеткен жасөспірімді іздестіру жұмысы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 5 шілде күні Индер ауданындағы Есбол ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2013 жылы туған жасөспірім Жайық өзенінде шомылуға тыйым салынған орында суға түсіп, батып кеткен.

–  Іздестіру барысында «Наутилус-50» мобильді іздеу кешені арқылы су айдыны түбінің шамамен 1200 шаршы метр аумағы тексерілді. Сондай-ақ құтқарушылар тралдау әдісімен 1700 шаршы метрге жуық акваторияны қарап шықты, – деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.

Іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.