Күрес түрлерінен Таиландтың Паттайя қаласында өткен U20 жас санатындағы Азия чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасы аталған бәсекеде 18 медаль жеңіп алды.
Еркін күрес
Алтын медаль: Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін), Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін)
Күміс медаль: Сұңқар Сейдахмет (70 келіге дейін), Бейбарыс Ерғали (92 келіге дейін), Самир Дурсунов (97 келіге дейін).
Қола медаль: Айбек Қалиахмет (79 келіге дейін), Асхаб Хаджиев (86 келіге дейін).
Әйелдер күресі
Күміс медаль: Жаңыл Бекен (65 келіге дейін), Ұлдана Тілеухан (68 келіге дейін).
Қола медаль: Динара Дауылқызы (53 келіге дейін), Анна Стратан (57 келіге дейін), Айжан Мұратбай (59 келіге дейін).
Грек-рим күресі
Күміс медаль: Бақдәулет Тұрсынбек (77 келіге дейін), Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін), Әлихан Тағаев (87 келіге дейін).
Қола медаль: Әмірмұхаммед Қабулов (55 келіге дейін), Алпамыс Болатұлы (60 келіге дейін), Максим Украинцев (97 келіге дейін).
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
