Ол кездесу сәтіндегі видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Әнші Бүркіт атақты футболшымен кездесті (видео)
752
оқылды

Бүркіт лақап атымен танымал әнші Айбек Жансейітов әйгілі бразилиялық футболшы Роналдиньомен кездесті, – деп жазды Aikyn.kz.  

Ол кездесу сәтіндегі видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

Айтуынша, әнші ұлының өтінішін орындаған. Ұлы әкесінен кумирімен бірге суретке түсуді өтінген. Әнші ұлының айтқанын орындап, Роналдиньомен бірге суретке түсіп, футбол добына қолтаңба алған.

Желі қолданушылары бұл жазбаға жылы лебізін білдіріп, әншінің отбасына бақыт тіледі.

Айта кетейік, Бүркіт пен жары Аиша төрт бала тәрбиелеп отыр: екі ұл және екі қыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.