Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
ТЖМ құтқарушылары 91 жастағы әжеге көмек көрсетті
391
оқылды

Степногорск қаласында ТЖМ қызметкерлері жедел медициналық жәрдем бригадасымен бірлесіп авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Нақтыланған мәлімет бойынша, 91 жастағы егде аяғының қатты ауыруына байланысты өздігінен кіреберіс есігін аша алмаған.

Оқиға орнына барған құтқарушылар пәтерге есік арқылы кіру мүмкін еместігін анықтады. Терезеде темір тор орнатылғандықтан, құтқарушылар гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдаланып торды кесіп, үш иінді саты арқылы терезеден пәтерге кірді.

Құтқарушылар егдені жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.