Ішкі істер министрлігі тарапынан жанұяларына жан-жақты қолдау көрсетілетіні жеткізілді.
Батыс Қазақстанда қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан екі полицейді ақтық сапарға шығарып салды (ВИДЕО)
451
оқылды

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Тасқала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері – полиция майоры Умбетқалиев Абзал Ерсайынұлы мен полиция аға сержанты Адиетов Нұрғали Сағындықұлын туған-туыстары, әріптестері, ішкі істер органдарының ардагерлері және жерлестері құрметпен ақтық сапарға шығарып салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қоштасу рәсімінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың марқұмдардың отбасылары мен жақындарына жолдаған көңіл айту хаты оқылды. Хатта олардың қызметтік міндетін орындау кезінде көрсеткен ерлігі, Отан алдындағы антына адалдығы ерекше аталып өтті.

Ішкі істер министрлігі тарапынан жанұяларына жан-жақты қолдау көрсетілетіні жеткізілді.

– Қызметтік борышын абыроймен атқарып, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздігі жолында жанын қиған қос тәртіп сақшысының жарқын бейнесі әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады, – делінген ресми хабарламада.