Жүргізуші трамвай бағанына соғылып, қаза тапқан
Павлодарда жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
фото: www.istockphoto.com
299
оқылды

Павлодарда жеңіл көліктің трамвай бағанына соғылып, жүргізуші қаза тапқан жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Нұрсұлтан Назарбаев пен Жаяу Мұса көшелерінің қиылысында болған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Geely Emgrand автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші қозғалыс кезінде қауіпсіз жылдамдықты сақтамаған. Соның кесіріне трамвай желісінің бағанына соғылған.

Қазір жол апатының барлық мән-жайы мен себептері сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталып жатыр.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе көлік көп жүретін учаскелерде жылдамдық режимін бұзбауға және автокөліктің техникалық жағдайын үнемі бақылап отыруға шақырды.