Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Қазақстанда салық төлеушілер саны 2,8 миллионнан асты
518
оқылды

Қазақстанда шағын және орта бизнес (ШОБ) соңғы бес жылда тұрақты өсіп, бүгінде ел экономикасының шамамен 40%-ын қамтамасыз етіп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, осы кезеңде ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандар саны шамамен 30%-ға артқан. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елде 2, 806 миллион салық төлеуші тіркелген. Бұл жыл басымен салыстырғанда 367 мыңға көп. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 543,5 мың адамға жеткен.

Биылғы бес айдың қорытындысында салық түсімдері 18%-ға, ал қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша түсімдер 45,1%-ға өскен.

Министрдің сөзінше, экономиканың негізгі өсімі өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс, фармацевтика, химия, азық-түлік өндірісі, көлік, сауда және ауыл шаруашылығы салалары есебінен қамтамасыз етілуде.

Серік Жұманғариннің бағалауынша, 2026 жылдың қорытындысында Қазақстан экономикасының өсімі кемінде 5% болады.