Израиль Иран мен Трамп арасындағы келіссөздерді белгісіз мерзімге кейінге шегерді
Израиль Иран мен Трамп арасындағы келіссөздерді кейінге шегерді — Bloomberg
istockphoto.com
220
оқылды

Израильдің Ливандағы әскери әрекеттері Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздерді тығырыққа тіреді. Bloomberg мәліметінше, Израиль мен «Хезболла» арасындағы қақтығыстар тоқтамағандықтан, Иран АҚШ-пен өтетін келіссөздерді белгісіз мерзімге шегерген.

Келіссөздер жұма күні Швейцарияда өтуі керек еді. Онда Иранның ядролық бағдарламасын шектеуге қатысты түпкілікті келісім талқылануы тиіс болған. Ақ үй америкалық делегация келіссөзге кез келген уақытта баруға дайын екенін мәлімдеді.

Иран Ливанда атысты тоқтатуды келіссөзді бастаудың басты шарты ретінде қойған. Кейін Reuters Иран Ормуз бұғазын кеме қатынасы үшін жапқанын хабарлады. Тегеран мұны АҚШ меморандумды бұзды, ал Израиль Ливанның оңтүстігінен әскерін шығармады деген себептермен түсіндірді.