Қайғылы жағдай 19 маусым күні Рудный қаласында орналасқан кәсіпорынның электрболат балқыту цехында болған.
Рудныйдағы ERG кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты
261
оқылды

Қостанай облысындағы ERG Service кәсіпорнында өндірістік оқиға салдарынан жұмысшы қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қайғылы жағдай 19 маусым күні Рудный қаласында орналасқан кәсіпорынның электрболат балқыту цехында болған.

Компанияның алдын ала мәліметінше, шихташы қызметкер жұмыс барысында көз жұмған. Оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға дереу хабар берілген.

ERG Service марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, тергеу жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы тергеу жүргізілуде.