Алғыс ретінде Димаш балаларға аталған лагерьге жолдама сыйлады.
Димаш Құдайберген өз портретін жасаған балаларға жазғы лагерьге жолдама сыйлады
348
оқылды

Димаш Құдайберген LEGO-дан портретін жасаған оқушыларды марапаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық сапары барысында туған жері Ақтөбеге барып, өзі білім алған оқу орындары мен балалар лагерінде оқушылармен кездесті.

Өнер иесі "Шұғыла" балалар лагерінде өзіне арнап LEGO бөлшектерінен алып портрет құрастырған бес оқушымен жүздесіп, олардың еңбегіне жоғары баға берді. Алғыс ретінде Димаш балаларға аталған лагерьге жолдама сыйлады.

Жобаның идеясы мектептегі робототехника үйірмесінде туындаған. Мұғалім Жаналы Мақаттың жетекшілігімен төртінші сынып оқушылары әншінің өмірі мен шығармашылығын зерттеп, көлемі шамамен 1,5×2,5 метр болатын портретті бір апта ішінде құрастырған.

Педагогтердің айтуынша, мұндай жобалар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, ұқыптылық пен командада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Ал жас авторлар жерлес өнерпаздың жетістіктерінен шабыт алып, туған өлкенің таланттарын насихаттауды мақсат еткендерін айтты.