Қазіргі таңда желіні күн сайын шамамен 65-75 мың жолаушы пайдаланады.
Астанадағы LRT екі аптада 1 миллион жолаушы тасымалдады
Фото: Астана қаласының әкімдігі
242
оқылды

Астана тұрғындары мен қонақтары 16 мамырда іске қосылған LRT желісін белсенді пайдаланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жаңа қоғамдық көлік жүйесінің алғашқы нәтижелерімен бөлісті.

Оның айтуынша, LRT іске қосылғаннан бері небәрі екі апта ішінде жолаушылар саны 1 миллион адамға жеткен. Қазіргі таңда желіні күн сайын шамамен 65-75 мың жолаушы пайдаланады.

«Бұл елорда тұрғындары мен қонақтары арасында қоғамдық көліктің жаңа түріне сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Барлық жолаушыларға LRT-ді белсенді пайдаланғаны, жаңа көлік жүйесіне сенім білдіргені және инфрақұрылымға жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс айтамын», – деді қала әкімі.