1990 жылы өткен шығармашылық кештен түсірілген видео Threads платформасында жарияланды.
«Дауысы қандай тап-таза!»: желіде жас Мақпал Жүнісованың видеосы қызу талқыланып жатыр
426
оқылды

Әлеуметтік желіде қазақ музыкасының аңызы Шәмші Қалдаяқов қатысқан архивтік бейне қызу талқыланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

1990 жылы өткен шығармашылық кештен түсірілген видео Threads платформасында жарияланды.

Бейнежазбада қазақ эстрадасының танымал әншісі Мақпал Жүнісова сахнада Шәмші Қалдаяқовтың «Сен сұлу» әнін орындап тұр. Ал көрермендер залында ән авторы, белгілі сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өзі отырғанын көруге болады.

Желі қолданушылары жас Мақпал Жүнісованың табиғи дауысын, сахнадағы келбетін және ұлттық нақыштағы образын ерекше атап өтіп, жылы лебіздерін білдіруде. Архивтік бейне көпшілікті өткен жылдардың өнер атмосферасына жетелеп, сағыныш сезімін оятты.