Fox News арнасына берген сұхбатында Трамп бастапқыда Иран тек ядролық қару жасамауға уәде бергенін, кейін бұл талаптың кеңейтілгенін айтты.
Дональд Трамп: Иран ядролық қаруды әзірлемеуге де, сатып алмауға да келісті
428
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен жүргізіліп жатқан келіссөздер барысында Тегеранның ядролық қаруды әзірлемеуге ғана емес, оны сатып алмауға да келісім бергенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Fox News арнасына берген сұхбатында Трамп бастапқыда Иран тек ядролық қару жасамауға уәде бергенін, кейін бұл талаптың кеңейтілгенін айтты.

– Алғашында олар «біз ядролық қару жасамаймыз» деді. Мен «ал оны сатып алсаңыздар ше?» деп сұрадым. Сондықтан келісімде Иранның ядролық қаруды әзірлемейтіні де, сатып алмайтыны да көрсетілген, – деді АҚШ президенті.

Трамптың айтуынша, Вашингтон мен Тегеран тиімді келісімге қол жеткізуге жақын. Сонымен бірге ол келіссөздер нәтиже бермеген жағдайда АҚШ әскери іс-қимылдарға қайта оралуы мүмкін екенін ескертті.

Ақ үй басшысы Иран тарабының келіссөздерде қатаң ұстаным танытып отырғанын, дегенмен тараптардың өз мақсаттарына біртіндеп жақындап келе жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, АҚШ пен Израиль биыл ақпан айының соңында Иран аумағындағы нысандарға соққы жасаған болатын. Кейін сәуір айында тараптар атысты тоқтату туралы мәлімдегенімен, келіссөздерден нақты нәтиже шықпаған еді.