Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Президент Үндістанның Уттар-Прадеш штатында болған қатты дауыл мен нөсердің салдарынан көптеген адамның опат болуына байланысты Нарендра Модиге көңіл айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың жақындарының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
