21-24 мамыр аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда таэквондодан (WT) ересектер арасындағы XXVII Азия чемпионаты өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан командасының құрамы.
Ерлер:
Еркебұлан Еңсегенов (-54 кг)
Жавохирхон Исламов (-58 кг)
Азим Ниязов (-63 кг)
Самирхон Абабакиров (-63 кг)
Сұлтанбек Орынбек (-68 кг)
Эльдар Бірімбай (-74 кг)
Мерген Ғаниев (-80 кг)
Батырхан Төлеуғали (-80 кг)
Мейір Нұрғазин (-87 кг)
Бейбарыс Қабылан (+87 кг)
Әйелдер:
Айдана Құмартаева (-46 кг)
Нодира Ахмедова (-49 кг)
Азиза Қаражанова (-53 кг)
Айдана Сүндетбай (-53 кг)
Тоғжан Қазынабек (-57 кг)
Камила Аймұқашева (-62 кг)
Аяулым Асқар (-67 кг)
Назым Махмутова (+73 кг)
Ақсәуле Ерқасымова (+73 кг)
G4 санатына жататын сары құрлық чемпионатында Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік ұпай сарапқа салынады.
Айта кетейік, спорттың бұл түрінен Азия чемпионаты 2 жылда бір болады. Осыған дейін 2024 жылы жарысты Вьетнамның Дананг қаласы қабылдаған. Ол кезде Қазақстан Мария Севостьянова (-57 кг) қол жеткізген күміс жүлденің арқасында жалпыкомандалық есепте 8-сатыға тұрақтаған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
