Жарыстың жүлде қоры — 1,6 миллион АҚШ доллары.
Астана Counter-Strike 2 халықаралық турнирін қабылдайды
Фото: iStock
213
оқылды

15–17 мамыр күндері Barys Arena спорт кешенінде Counter-Strike 2 дисциплинасы бойынша халықаралық PGL Astana 2026 турнирі өтеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. Осылайша Астана қатарынан екінші жыл әлемдік киберспорт индустриясындағы ірі жарыстардың біріне алаң ұсынбақ.

Турнирді ұйымдастырушы — PGL Esports SRL. Жарыстың жүлде қоры — 1,6 млн АҚШ доллары. Турнирге әлемнің үздік 16 командасы қатысады, олардың қатарында Team Spirit, G2 Esports, FURIA Esports және Heroic бар.

Жарысқа Counter-Strike әлем чемпионы Дәурен Қыстаубаев, FURIA Esports ойыншысы Даниил Голубенко, стример Слава Бустер, PGL турнирлерінің жүргізушісі Джеймс Бэнкс және әлем чемпионы Габриэль Толедо құрметті қонақтар ретінде шақырылған.

Іс-шара Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген.

PGL Astana 2026 турнирінің өткізілуі оқиғалық туризмнің дамуына серпін беріп, Астананың халықаралық деңгейдегі ірі киберспорттық алаң ретіндегі орнын нығайта түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.