Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Аталған игі шараға зиялы қауым өкілдері, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы, облысымызға қарасты «Жыр, терме» және «Айтыс» мектептерінің жетекшілері, сондай-ақ Кеген ауданының тұрғындары белсене қатысты.
Мұндай бастамалар табиғатты қорғауға үлес қосып, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
