Бүгінде Қазақстанда балаларға оңалту көмегін көрсету үшін 81 орталық жұмыс істейді.
Қазақстанда балаларға арналған оңалту орталықтарының саны артып келеді
439
оқылды

Онда дамуында түрлі бұзылыстары бар 243 мың балаға әртүрлі қызмет түрлері ұсынылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Соңғы екі жылдың ішінде елде балаларды медициналық оңалтуға арналған 20 орталық, оның ішінде 6 орталық аудандық деңгейде ашылды. Биыл тағы 11 аудандық орталық ашу жоспарланып отыр.

Медициналық көмектің тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында педиатриялық қызметті дамыту жалғасып жатыр.

2025 жылы 372 даму және ерте араласу орталығы, сондай-ақ 366 педиатриялық бөлімше ашылды. Бұл қазіргі таңда ел бойынша жалпы қажеттіліктің шамамен 80%-ын қамтуға мүмкіндік беріп отыр