Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту жарияланды.
Бірқатар облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады
Фото: iStock
223
оқылды

Бірқатар өңірлерде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен тұман күтіледі: БҚО, Маңғыстау, Ақтөбе, СҚО, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстары.

Түнде солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде -3°C дейін үсік болуы мүмкін.

Бірқатар облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады: Ақтөбе, СҚО, Павлодар, Абай, Жетісу, Атырау, Қызылорда облыстары.

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер:

Астана қ.: 29 сәуірде түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

29 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.

29 сәуірде күндіз Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

29 сәуірде түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

29 сәуірде таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.

29 сәуірде түнде Павлодар облысының шығысында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

29 сәуірде түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі.

29 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.    

29 сәуірде күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. 

29 сәуірде Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

29 сәуірде Абай облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.

29 сәуірде Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.

29 сәуірде Атырау облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.          

29 сәуірде Қызылорда облысының шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.