Жоба мақсаты – Орталық Азиядағы жазба мұраны сақтау мен қалпына келтіру ісімен айналысатын мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру.
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді
Фото: gov.kz
200
оқылды

ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан мен Өзбекстан кітапханаларындағы жазба мұраны сақтау бағытындағы халықаралық жоба аясында тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды,  – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Дәрістерді Грекия мен Түркиядан келген халықаралық сарапшылар жүргізді. Оқытуға Қазақстанның әр өңірінен келген 30 реставратор қатысты. Бес күн бойы қатысушылар көне қолжазбаларды сақтау мен қалпына келтірудің заманауи тәсілдерін, тарихи кітап түптеу ерекшеліктерін зерттеу және жазба мұраларды қалпына келтіру әдістерін меңгерді.

Бұл бастама құнды қолжазбаларды сақтауға, реставраторлардың кәсіби деңгейін арттыруға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.