Қазақстанның бірқатар өңірлерінде +40…+41°C-қа дейін қатты ыстық сақталады. Дегенмен еліміздің кейбір өңірінде жауын-шашын күтілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Елдің түрлі өңірлерінде, соның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында найзағай ойнап, жаңбыр жауып, арты бұршаққа ұласуы мүмкін.
Елдің көптеген өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға және ауа райы туралы ескертулерді қадағалап отыруға шақырады.
