«Таза Қазақстан» акциясы құқықтық тәртіп әскерлерінің барлық бөлімшелерінде өткізіліп жатыр.
Астанада ұландықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
фото: Баспасөз қызметінен алынды
162
оқылды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының әскери қызметшілері, сондай-ақ 6636 және 5573 әскери бөлімдерінің жеке құрамы республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында елордада өткен ауқымды экологиялық акцияға қатысты, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ҚР ІІМ Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 🧹

Іс-шара барысында ұландықтар аулалар мен қоғамдық жерлерді санитарлық тазалау, аула аумақтарын, балалар және спорт алаңдарын абаттандыру жұмыстарына атсалысты.🙌

Әскери қызметшілер қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға, тазалыққа жауапкершілікті арттыруға бағытталған экологиялық айлықты қолдап, қала тазалығына өз үлестерін қосты.💫

Акция Мемлекет басшысының бастамасын қолдау мақсатында өтіп, ұландықтардың қоғамдық маңызы бар істерге белсенді қатысатынын тағы бір мәрте көрсетті.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы құқықтық тәртіп әскерлерінің барлық бөлімшелерінде өткізіліп, әскери қызметшілерді ортақ мақсат - тазалық пен қоршаған ортаны сақтауға жұмылдыруда.