Жарылыс таңғы сағат 05:30 шамасында болған. Үй толықтай қирап, аулада тұрған көліктер де зақымданған. Үй иесінің айтуынша, газ жертөле арқылы үйге тараған.
Алматы облысындағы жер үйде газ жарылып, төрт адам зардап шекті
248
оқылды

Алматының іргесіндегі Екпінді ауылында жойқын жарылыс болып, бір жер үй толығымен қирады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Төрт адам жарақат алды.

КТК телеарнасының мәліметінше, апатқа жерастымен жүргізілген газ құбыры себеп болуы мүмкін.

Жарылыс таңғы сағат 05:30 шамасында болған. Үй толықтай қирап, аулада тұрған көліктер де зақымданған. Үй иесінің айтуынша, газ жертөле арқылы үйге тараған.

Оқиға кезінде үй иесі сыртта болған. Үйінді астында қалған жұбайы мен үш ұлын көршілердің көмегімен құтқарып, ауруханаға жеткізген.

Тұрғындар жерастынан газ шығып жатқанын айтып, алаңдап отыр. Ал "Алматыгазсервис" мамандары газдың шыққанын растағанымен, жарылысқа нақты себеп болды ма, әзірге белгісіз екенін айтты. Қазір істі ТЖД тексеріп жатыр.

Зардап шеккендердің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Ауыл тұрғындары зардап шеккен отбасына көмек ретінде 2 миллион теңге жинаған.