Елімізде жол қауіпсіздігі күшейтілді.
Шымкент қаласында жүргізушілер бір күнде 1,5 мыңнан астам жол ережесін бұзған
Фото: sxodim.com/shymkent
189
оқылды

Жолда жүру қағидаларын бұзудың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын болдырмау және еліміздегі жол-көлік жағдайын тұрақтандыру мақсатында республика аумағында “Құқықбұзушылыққа жол жоқ” республикалық жедел-профилактикалық шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Аikyn.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған іс-шара жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға және жолдағы қайғылы салдарға тікелей әсер ететін өрескел құқықбұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған.

Жол жағдайын тұрақтандыру және бақылауды күшейту қажеттілігіне байланысты Шымкент қаласы мен Түркістан облысына қосымша ішкі істер органдарының күштері мен құралдары, оның ішінде патрульдік полиция жасақтары жіберілді. Олар ауқымды рейдтік жұмыстарды жүргізуге және қоғамдық әрі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек көрсетеді.

Шараның бір күнінде Шымкент қаласында жол ережесін бұзған 1,5 мыңнан астам бұзушылық анықталып, жолы кесілді.

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі өрескел құқықбұзушылыққа жол бергеннен болады, яғни жылдамдықты асыру, қарсы жүріс жолағына шығу, мас күйде көлік басқару және жүргізушілердің салғырттығынан болады.

Жолда жүру қағидаларының талаптарын сақтау – жай ғана формалдылық емес, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына деген жауапкершілік екенін еске саламыз.

Құрметті азаматтар! “Құқықбұзушылыққа жол жоқ” іс-шарасы жақсы профилактикалық нәтиже беруде және еліміз бойынша жалғасын табады. Заң мен тәртіпті әрбіріміз сақтауымыз қажет. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз,  дейді ІІМ өкілі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.