50-ден астам мерзімді әскери қызметші мен 3 техника бірлігі ауа райының қолайсыздығы салдарын жоюға жедел кірісті.
Ұлттық ұлан сарбаздары Жаңаөзен тұрғындарына көмек көрсетті
194
оқылды

Жаңаөзен қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5548 әскери бөлімінің әскери қызметшілері нөсер жауын салдарынан болған су басу зардаптарын жою жұмыстарына қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

50-ден астам мерзімді әскери қызметші мен 3 техника бірлігі ауа райының қолайсыздығы салдарын жоюға жедел кірісті. Су жиналған 25 учаскеде жұмыс жүргізіліп, әскери қызметшілер суды сорып шығару және қорғаныс бөгеттерін тұрғызу жұмыстарын атқарды.

Үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылдың нәтижесінде жағдай тұрақтандырылып, қала тұрғындарының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, сондай-ақ зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді.

Жаңаөзен тұрғындары әскери қызметшілерге жеделдігі, батылдығы және жанашырлығы үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Айта кеткен жөн, Ұлттық ұлан төтенше жағдайлардың салдарын жоюға белсенді қатысып, қиын сәттерде азаматтарға әрдайым көмек көрсетіп келеді.