Қазақстан құрамасы дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Аралас командалық сайыстың жартылай финалында отандастарымыз БАӘ құрамасынан басым түсті.
Кездесу 4:3 есебімен аяқталды. Мөлдір Нарынова (70 келіге дейін) шешуші ұпайға қол жеткізді.
Жартылай финалда ел намысын Бақыт Құсакбаева (57 келіге дейін), Әнуар Жұмагелдин (73 келіге дейін), Мөлдір Нарынова (70 келіге дейін), Айбол Нысанәлі (90 келіге дейін), Марат Байқамұров (90 келіден жоғары), Назгүл Маратова (70 келіден жоғары) қорғады.
