Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы ірі турнирдің финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Финалға жолдама үшін өткен матчта әлемнің екінші ракеткасы Мирра Андреевамен кездесті.
Кездесу екі сетке созылып, 7:5, 6:1 есебімен аяқталды.
Енді Рыбакинаның финалдағы қарсыласы Каролина Мухова болады.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші бұл турнирде 2024 жылы жеңімпаз атанған.
