Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті.
Таеквондошы Әділет Шері Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды
475
оқылды

Қазақстандық таеквондошы Әділет Шері Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті.

Ол бұл кезеңде Тунис өкілі Малек Макронимен кездесіп, қарсыласына жол берді. Осылайша Әділет Шері әлем чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Айым Серікбаева (44 келіге дейін) жеңімпаз атанса, Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін), Ислам Медетбай (55 келіге дейін) және Алидар Абдукаримов (68 келіге дейін) қола медаль алған еді.