2026 жылғы 14-16 сәуір аралығында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы штаб-пәтерінде Экономикалық және әлеуметтік кеңестің жастар форумы өтті.
БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің жастар форумы өтті
Фото: gov.kz
147
оқылды

Халықаралық деңгейдегі іс-шараға Қазақстан атынан Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері мен республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Форум 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуге бағытталған маңызды халықаралық алаңдардың бірі саналады.

Бағдарлама аясында пленарлық отырыстар, тақырыптық пікір алмасулар мен өңірлік кездесулер өтіп, онда жастардың қоғам дамуына ықпалы, жаңа бастамаларды ілгерілету және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері сөз болды.

Қазақстанның форумға қатысуы мемлекеттік жастар саясатын дамытуға, халықаралық тәжірибе алмасуға және жастардың жаһандық бастамаларға белсенді араласуын арттыруға бағытталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.