Енді бір спортшыға жылына шамамен 415 мың теңге бөлінеді.
Президент балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшіруді көздейтін заңға қол қойды
Фото: iStock
147
оқылды

Президент балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшіруді көздейтін заңға қол қойды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. Енді бір спортшыға жылына шамамен 415 мың теңге бөлінеді (бұрын – 233 мың еді). Жаңа жүйе 2026 жылдан бастап іске қосылады.

Сондай-ақ, біліктілігі расталған жаттықтырушылардың жалақысы 30%-ға артады.

Бүгінде елімізде 526 спорт мектебінде 400 мыңға жуық бала жаттығады. Саланы дамытуға 2028 жылға дейін 74 млрд теңге бағытталады.

Сонымен қатар спорттық инфрақұрылым да қарқынды дамып келеді . Атырау облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында дарынды спортшыларға арналған заманауи мектеп-интернат салынуда.

Барлық шаралар болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.