TFSN желісі 2024 жылғы 9 қыркүйекте Астана қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы Әділет министрлерінің бірінші отырысының Астана декларациясы негізінде құрылған.
Бакуде Түркі мемлекеттерінің сот-сараптамалық мекемелерінің желісі құрылды
Фото: gov.kz
125
оқылды

Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының өкілдері қатысуымен өткен шарада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер  Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

TFSN-нің мақсаты қатысушылар арасында ынтымақтастық пен үйлестіруді дамыту, заманауи сот-сараптамалық тәжірибелерді жетілдіру, ғылыми әлеуетті нығайту және институционалдық өзара іс-қимылды кеңейту.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.