ТЖМ құтқарушылары шыны пластик құбырлар өндіретін зауыт аумағындағы өртті сөндірді
Талдықорған қаласында шыны пластик құбырлар шығаратын зауыт аумағында өрт шықты.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде цехта диаметрі 2 метр, ұзындығы 15 метр болатын, шыны мақтамен қапталған үш құбырдың жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында оттың жарылғыш қауіпті шайыр ерітіндісі бар бөшкелерге таралуына жол берілмеді. Өрт 50 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
Өрт тез арада оқшауланып, толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ
