Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кездесуде банк саласын дамытудың өзекті мәселелері, қазіргі геосаяси жағдайдың аймақ елдері экономикасына әсері, сондай-ақ қаржы секторында цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні қолдану перспективасы талқыланды.
