Өзгеріс құжат қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған.
1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
Фото: gov.kz
288
оқылды

Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Биыл құжат қабылдау 27 мамыр, сәрсенбіден басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі. Қазіргі таңда база бірнеше рет тесттен өтіп жатыр, ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдай жасалды, оны қосымша таныстыратын боламыз», –  деді министр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.