Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақ­­­стан» жалпы­ұлттық бастамасы аясын­да еліміздің барлық өңірінде «AMANAT» партиясының «Таза бей­сен­бі» экологиялық акциясы жалғасын табуда. Аталған акция ең алдымен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және экология­лық мәдениетті нығай­ту­ға бағытталып отыр.
Қоршаған ортаны қорғау – баршаға ортақ міндет
171
оқылды

Мәселен, Ақмола облысы Ат­ба­сар қаласындағы Жеңіс саяба­ғында «Жастар Рухы» жастар қана­тының белсенділері экологиялық акция өткізді. Олар саябақ аумағын қоқыстан тазартып, қоғамдық кеңістікті ретке келтірді. Осы­лай­ша, жастар қанатының белсенділері партиялық жобаларға белсенді атсалысып, өңір дамуына өз үлес­терін қосуда.

Ал Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында «AMANAT» пар­тиясының қалалық филиалы «Таза бейсенбі» акциясын ұйым­дастырып, аулаларды қар мен мұз­дан тазалау жұмысын жүргізді. Іс-шараға белсенді жастар, қалалық мәслихат депутаттары және партия мүшелері қатысты.

Ақтөбе облысы Ойыл ауда­нын­да өткен экологиялық акцияға жер­гілікті тұрғындар, «Көкжар-Ке­руен» және «Жібек Жолы» бас­та­уыш партия ұйымдарының 40-тан астам мүшесі жұмылды.

Атырау облысы Махамбет ауда­ны Махамбет ауылындағы орталық алаңда аудандық партия филиа­лының ұйымдастыруымен ағаш егіліп, аумақты көгалдандыру жұ­мысы жүргізілді. Табиғатты аялауға бағытталған іс-шараға бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аудандық мәслихат депутаттары және белсенді жастар қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.

Алматы қаласы Медеу ауда­нындағы №33 мектеп-лицейінің аумағында ұйымдастырылған ак­цияға білім ошағының ұжымы, ерік­тілер және аудан тұрғындары қатысты. Оның барысында мектеп пен оған іргелес аумақтар тазала­нып, қоршаған орта ретке кел­тірілді.

Басты мақсат – тұрғындардың бойында экологиялық мәдениет қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және тазалық сақтау дағдысын ны­ғайту. Ұйымдастырушылардың ай­туынша, мұндай акциялар қо­ғам­ның барлық мүшесін ортақ іске жұмылдырып, табиғатқа жана­шыр­лықпен қарауға үндейді.

Шымкент қаласы Тұран ауда­нында 100-ге жуық адам қатысқан экологиялық акция ұйымдас­тырылды. Олардың арасында «AMANAT» партиясының қалалық және аудандық филиалдарының қызметкерлері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, сондай-ақ коммуналдық қызмет мекемесінің жұмысшылары бар. 

Акцияға қатысушылар А.Бай­тұрсынов көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аула­ларын тазалады. Олар тұрмыстық қалдықтарды жинап, қураған және бейберекет өскен ағаштарды отап, аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосты. Сондай-ақ көгалдандыру мәселесіне де ерек­ше мән беріліп, 60-қа жуық ағаш егілді.

Жетісу облысы Талдықорған қа­ласында облыстық «Жастар Ру­хы» жастар қанатының филиалы Ардагерлер саябағы аумағында акция ұйымдастырып, оған Сервис және технология колледжінің білім алушылары да белсенді атсалысты. Іс-шара барысында қатысушылар саябақ аумағын тазалады. Олар қоқыс жинап, бұлақ көзін ашып, оның айналасын ретке келтірді.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында партия қызметкерлері қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған акция ұйым­дастырды. Оған Қарқаралы қа­лалық мәслихатының төрағасы Саят Оспанов, «AMANAT» партия­сы Қарқаралы аудандық филиа­лының төрағасы Абылай Рымхан, партия белсенділері және қала тұр­ғындары қатысты. Жалпы іс-ша­раға 20-ға жуық белсенді жұмылды.

Оның барысында қатысушылар Т.Әубәкіров көшесінде орналасқан сквер аумағындағы қар мен тұр­мыстық қалдықтарды тазалады. Жұ­мысты жеделдету және қар шы­ғару мақсатында арнайы техника тартылды.

Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылында таза­лық жұмысы жүргізілді. Ауыл кө­шелерінде арнайы техниканың кө­мегімен қар тазаланып, суа­ғар­лар аршылды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолы мен қоғамдық орындар да ретке келтірілді. Бұл жұмыс көктемгі су тасқынының алдын алу, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету мақса­тында ұйымдастырылды. Тазалық жұмысына жауапты мекемелердің қызметкерлері мен арнайы техни­калар жұмылдырылды. Іс-шара­ға қатысушылар ауылдың санитар­лық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосып, ортақ іске бел­сенді атсалысты.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында «AMANAT» партиясы­ның мүшелері «Шұғыла» бас­тауыш партия ұйымына қарасты №5 мек­теп-гимназия ауласына ағаш егіп, аумақты тазалау жұмы­сын жүргізді.

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында экологиялық акция ұйымдастырылды. Оған жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, партия мүшелері және аудан тұрғындары белсенді атса­лысты. Оның барысында «Достық» саябағы аумағында қар тазаланып, аудан орталығындағы су ағатын арықтар аршылды. Бұл жұмыс еріген қар суының кедергісіз ағуын қамтамасыз етіп, су басу қаупін азайтуға ықпал етеді. Айта кетейік, өңірде су тасқынының алдын алу ша­раларына ерекше көңіл бөлі­нуде. Негізгі бағыттың бірі – аумақ­тарды қар мен мұздан уақытылы тазарту және су бұру жүйелерін ретке келтіру.

Сонымен қатар аудан орталы­ғында еріген қар суын бұруға ар­налған арықтарды тазалау жұмысы қолға алынды. Мамандардың ай­туынша, мұндай алдын алу шара­лары су тасқыны қаупін азайтып, елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарады.

Түркістан облысы Шардара ауданы Ұзын ата ауылдық окру­гінде орналасқан Ұзын ата кесе­несі ау­мағында тазалық жұмысы жүргі­зілді. Оны партияның Шар­дара аудандық филиалы ұйым­дастыр­ды. Игі іс-шараға партия белсенділері, мәслихат депутат­та­ры, «Ұзын ата» бастауыш партия ұйы­мының бел­сенділері және ерік­ті жастар қатысты.

Ұлытау облысы Сәтбаев қала­сының тұрғындары, еріктілер және Оқушылар сарайының қызмет­керлері «Таза бейсенбі» акциясына белсенді атсалысты. Олар аулалар мен қоғамдық орындарды тазалап, қоқыс жинады.

Елнар ЕЛТАЙ