«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында мемлекеттік қызметшілердің, аудандар мен ауыл әкімдерінің, депутаттардың, бюджеттік сала қызметкерлерінің, белсенділердің цифрлық құзыреттерін арттыруға және өңірлердің жұмысына жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталған «Цифрлық қоғам» партиялық жобасы аясында онлайн-білім беру платформасы іске қосылды.
Онлайн-білім беру платформасы іске қосылды
175
оқылды

Іс-шараға партияның цифрлық комиссары, Парламент Мәжілі­сі­нің депутаты Екатерина Смыш­ляева, Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмит­рий Мун, сондай-ақ облыс әкім­­дерінің орынбасарлары,  «AMANAT» партиясы өңірлік фи­лиал­дарының төрағалары мен қыз­меткерлері, цифрландыру басқар­маларының басшылары, мәслихат депутаттары және бейнеконфе­ренц­байланыс арқылы қосылған ауыл­дық округ әкімдері қатысты.

Кеңес отырысында бейінді ми­нистрліктің қатысуымен жүзеге асы­рылатын «Өңірлердегі мем­ле­кеттік қызметшілердің қызметін­дегі цифрлық дағдылар және жа­санды интеллект» атты білім беру бағдарламасы ресми түрде бастау алды.

Екатерина Смышляева жоба­дағы партияның негізгі рөліне тоқталды.

«Негізгі міндет – цифрлық ше­шімдердің күнделікті жұмыста қол­данылып, нақты нәтиже беруі үшін оларды мемлекеттік басқа­рудың барлық деңгейіне енгізуді қамтамасыз ету», – деді Екатерина Смышляева.

Оқыту Astana Hub базасында (https://edu.astanahub.com/) ұйым­дастырылып, асинхронды фор­мат­та өтеді. Бұл мемлекеттік қызмет­шілердің кең ауқымын қамтуға мүмкіндік береді. 2026 жылғы 31 мамырға дейін өңірлік деңгейдегі қызметкерлерді жаппай оқыту жоспарланып отыр.

Бағдарлама жасанды интел­лектіге негізделген қолданбалы құ­ралдарды қамтиды. Атап айт­қан­да, қызметтік құжаттарды, аудар­ма­ларды, презентациялар мен хат­та­маларды дайындау үшін AI-агенттерін пайдалану көзделген. Бұл күнделікті жүктемені айтар­лықтай азайтып, жұмыс сапасын арттырады.

Өз кезегінде вице-министр Дмитрий Мун бағдарлама цифрлық шешімдерді іс жүзінде қолдануға бағытталғанын атап өтті.

«Біздің мақсат – жергілікті ат­қарушы органдар өкілдерінің жұ­мысына қажетті нақты құралдар беру. Бүгінде мемлекеттік саясат­тың тиімділігі жергілікті жерлерде ақпаратты қаншалықты тез әрі са­палы өңдейтінімізге тікелей бай­ланысты», – деді ол.

Оқыту төрт бағытты қамтиды – ұлттық жасанды интеллект плат­фор­масымен жұмыс істеу дағды­лары, Smart Data Ukimet құ­рал­дарын пайдалану, Smart City және Smart Region тұжырымдамаларын енгізу, сондай-ақ мемлекеттік про­цес­терді реинжинирингілеу.

Іс-шара барысында өңірлер­дің цифрлық инфрақұрылымын дамы­туға, оның ішінде геоталдау, өңірлік деректер базасын құру және заманауи шешімдерді қолда­на отырып, ақпаратты цифрлан­­дыру мәселелеріне ерекше назар ауда­рылды.

Ұлттық жасанды интеллект плат­формасы заманауи тілдік мо­дельдерді пайдалана отырып, қор­ғалған ортада жұмыс істейді. Бұл деректердің қауіпсіздігі мен нақты­лығының жоғары деңгейін қамта­масыз етеді.

Оқыту корпоративтік пошта домендері арқылы қатысушыларды міндетті түрде верификациялау ар­қылы жүргізіледі. Ал курс аяқ­тал­­ған­нан кейін қатысушылар элек­­трон­дық сертификаттар ала­ды. Қатысушылармен кері бай­ла­ныс орнату және оларды сүйе­мел­деу үшін бейінді министрліктің ресми ресурстары арқылы цифр­лық бай­ланыс арналары қарас­тырылған.

Кеңес қорытындысы бойынша, қатысушылар «AMANAT» партия­сының қолдауымен білім беру плат­формасын іске асыру өңір­лер­дегі цифрлық құзыретті дамыту және мемлекеттік басқарудың тиім­ділігін арттыру ісінде маңызды қадам болатынын атап өтті.

Елнар ЕЛТАЙ