Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Жамбыл облысында жанар-жағармай тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
384
оқылды

Жамбыл облысы Жуалы ауданында, «Алматы–Ташкент» автожолының бойында қозғалтқыш майын тасымалдаған жүк көлігі жол апатынан кейін өртеніп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға Нұрлыкент ауылы маңында болған. Жүк көлігі аударылып, салдарынан көлік пен төгілген жанар-жағармай материалдары отқа оранған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынды қысқа уақытта толық сөндірген.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.