Жәрмеңке 28 маусымда да жалғасады.
Әнші Қобыланды Болат Астанада өткен креативті жәрмеңкеде өнер көрсетті
487
оқылды

Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған Павлодар облысының креативті жәрмеңкесінде актер әрі әнші Қобыланды Болат концерт қойып, көрерменге ерекше кеш сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Qazaq Creative Hub алаңында өтіп жатқан шара өңірдің шығармашылық әлеуетін таныстыруға арналған. Концерт барысында Қобыланды Болат көпшілікпен бірге танымал әндерін орындап, ұлттық өнер мен заманауи мәдениетті ұштастырған әсерлі бағдарлама ұсынды.

Жәрмеңке 28 маусымда да жалғасады. Бағдарлама аясында Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтің «Я знаю!» кітабының таныстырылымы, «Ертіс пен Есіл арасы» музыкалық-поэзиялық кеші, сондай-ақ қолөнер, зергерлік және ұлттық аспап жасау бойынша шеберлік сабақтары өтеді.

Creative Aimaq жобасы өңірлердің шығармашылық әлеуетін насихаттап, ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған.