Оқиға ауызша жанжалдан басталып, кейінірек жоғары сынып оқушысы кіші сыныптағы баланы көшеде ұстап алып, күш қолданған.
Шымкентте оқушыны соққыға жыққан оқиға видеоға түсіп қалды
121
оқылды

Шымкент қаласында мектеп оқушысына жасалған шабуыл видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Полицияның  мәліметінше, бейнежазбада 10-сынып және 5-сынып оқушылары бейнеленген. Екеуі көрші тұратын жасөспірімдер екені анықталды. Оқиға ауызша жанжалдан басталып, кейінірек жоғары сынып оқушысы кіші сыныптағы баланы көшеде ұстап алып, күш қолданған.

Оқиғаға қатысқан барлық жасөспірімдер ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары бала тәрбиесіне тиісті көңіл бөлмегені үшін жауапкершілікке тартылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, материал кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жолданды.