Қостанай қаласында ер адам бұрынғы жұбайын атып өлтірді.
Қостанайда ер адам бұрынғы әйелін атып өлтіріп, полицияға өз еркімен берілді
314
оқылды

17 наурыз күні жанжал барысында ер адам аңшылық мылтықтан бұрынғы әйелінің басына екі рет оқ атқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

 Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, күдікті – 47 жастағы ер адам. Ол Қостанай облысындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген.

Белгілі болғандай, бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында бұған дейін де жанжалдар орын алған. 15 наурызда ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қамауға алынған. Ол қамаудан қылмыс жасалған күні босап шыққан.

Оқиғадан кейін күдікті полицияға өз еркімен келіп, кінәсін мойындаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.