Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді.
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды жаңа Ата Заңды қабылдаумен құттықтады
267
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты рәсімнен кейін сөз сөйледі,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Бүгін баршаңыз тарихымыздағы аса маңызды, мән-мағынасы айрықша, ел өмірінде өшпес із қалдыратын оқиғаның куәсі болдыңыздар. 

Мен Мемлекет басшысы ретінде бүкіл халық атынан Ата Заңымызға қол қойдым. Сонымен қатар Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым.

Енді Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді. Ал Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтетін болдық.

Еліміздің барша халқына Ата Заңымыз құтты болсын дегім келеді!», – деді Президент.