Мәжіліс Спикері өз дауысын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №128 дауыс беру учаскесінде берді.
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
245
оқылды

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мәжіліс Спикері өз дауысын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №128 учаскесінде берді.

– Көңіл күйім жақсы. Бүгін барлық қазақстандықтың да көңіл күйі жақсы деп ойлаймын. Себебі бүгін – маңызды күн. Қазақстан халқына жаңа Конституцияның қабылдану-қабылданбауын шешу міндеті тұр. 15 наурыз еліміздің тарихында ерекше орын алады деп сенемін. Мен өз таңдауымды жасадым. Барлық қазақстандықты сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық борышын орындауға шақырамын, – деді Ерлан Қошанов журналистердің сұрағына жауап бере отырып.