Қазақстандық Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Отандасымыз пара биатлон жарысында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Хамитов 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) топ жарды.
Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов пара шаңғы жарысында қола медаль иеленген еді.