Оның айтуынша, Иранның жоғарғы көшбасшысы лауазымына үш-төрт кандидат үміткер болған. Бірақ Сарапшылар кеңесінің көбі Моджтаба Хаменеиді таңдаған.
Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи жарақат алғаны белгілі болды
Фото: Hadi Mizban/AP Photo/dpa/picture alliance
243
оқылды

Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи жарақат алған, бірақ оның жағдайы тұрақты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Эсмаил Багаи италиялық Corriere della Sera газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Ол жараланған, бірақ жағдайы жақсы. Алғашқы ресми үндеуін қашан жасайтынын білмеймін», – деді Багаи.

Оның айтуынша, Иранның жоғарғы көшбасшысы лауазымына үш-төрт кандидат үміткер болған. Бірақ Сарапшылар кеңесінің көбі Моджтаба Хаменеиді таңдаған.

«Бұл біздің жүйенің бір ғана адамға тәуелді емес екенін көрсетеді», – деді ол.

Бұған дейін Израильдің «12-арнасы» Моджтаба Хаменеи 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға жасаған шабуылдың алғашқы күні жараланғанын хабарлаған. The New York Times басылымы оның аяғынан жарақат алғанын жазды. Басылымның мәліметінше, оның көпшілік алдына шықпауы мен сайланғаннан бері үндеу жасамауы осыған байланысты болуы мүмкін.

Моджтаба Хаменеидің Иранның жоғарғы көшбасшысы болып сайланғаны ресми түрде 8 наурызда жарияланды.

56 жастағы Моджтаба – 28 ақпанда әуе соққысы салдарынан қаза тапқан аятолла Әли Хаменеидің екінші ұлы. Бұған дейін ол ресми қызмет атқармаған әрі көпшілік алдына сирек шыққанымен, Иранның саяси элитасында ықпалды тұлғалардың бірі саналып келген.