Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Қолайсыз ауа райы: Ақтөбе облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
108
оқылды

ҚазАвтоЖол Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«2026 жылғы 11 наурыз сағат 22:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "РФ шекарасы – Мартүк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 1153-1240 шақырым аралығы (Ырғыз ауылынан – Қызылорда облысының шекарасына дейін) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада. 

Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.