Әубәкір соңғы рет 6 наурыз күні Хошимин қаласынан байланысқа шыққан.
Қазақстан азаматы Вьетнамда белгісіз жағдайда жоғалып кетті
276
оқылды

Қазақстан азаматы Әсем Әубәкір Вьетнамда түсініксіз жағдайда жоғалып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мәліметке қарағанда, Әсем Әубәкір соңғы рет 6 наурыз күні Хошимин қаласынан байланысқа шыққан. Сол күні ол Қазақстанға ұшпақ болған, бірақ әуежайдағы таблода өз рейсін таба алмай қалды, содан кейін байланыс үзілген.

Туыстарының айтуынша, Әсем сол кезде екі күн бойы ұйықтамаған, күйзеліс жағдайында болған. Ақырғы сөйлескенде артынан біреулер аңдып жүргенін айтқан. Оның банк картасымен жасалған соңғы төлемдері де 6 наурызға тиесілі.

Сонымен қатар жоғалып кетер алдында Әсем АҚШ азаматымен түскі ас ішкен, ал телефон арқылы сөйлескен сәтте дауысы өзгеше болып шыққан. Әсем 9 жылдан бері жалғыз саяхаттайды және бұрын мұндай жағдай болған емес.

Қазіргі уақытта туыстары Қазақстанның Вьетнамдағы консулдығына хабарласқан, ал іздестіру жұмыстары дүйсенбі күні басталуы мүмкін.