Жағдай дереу бақылауға алынып, жедел штаб құрылған.
Щучинскідегі жарылыс: қаза болғандардың отбасына 2 миллион теңге өтемақы төленеді
Фото: iStock
130
оқылды

Щучинскідегі дәмханадағы газ жарылысы бойынша Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов жағдайдың жедел бақылауға алынғанын хабарлады. Аудан әкімінің мәліметінше, қазіргі уақытта ауыр қайғылы жағдайға ұшыраған отбасыларға бір реттік материалды жәрдем төленбек, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Бурабай ауданы әкімінің мәліметінше, қазіргі уақытта аталған жағдайға байланысты арнайы жедел штаб құрылған. 

 Жағдай дереу бақылауға алынды, жедел штабтың құрылды. Қайғылы оқиғаның салдарынан 28 адам зардап шекті, 7 адам қаза тапты. Олардың ішінде бір кәмелетке толмаған бала бар. Барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетілуде. Қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленеді, ал зардап шеккендерге 1 млн теңгеден беріледі. Әкімдік жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты барлық ұйымдастырушылық мәселелерді өз мойнына алды. Қаралы іс-шараларға қатысу үшін келетін туыстарды орналастыру және алып жүру бойынша көмек көрсетілуде,  дейді Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов. 

Қазіргі уақытта трагедиялық жағдайға байланысты барлық шаралар жүзеге асырылып жатыр. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы